Петропавл вокзалы Мәскеу уақытымен жұмыс істеуде

26 апреля 2017

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл вокзалы жолаушыларға Мәскеу уақытымен қызмет көрсетіп келеді. Бұл елімізде шетелдік уақыт белдеулігін пайдаланатын жалғыз вокзал. Сондықтан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Мейрам Пішембаев  вокзал жұмысын жергілікті уақыт белдеуіне ауыстыруды ұсынды.

“Петропавл вокзалы – пойыздардың бару-келу уақыты Мәскеу уақытымен көрсетілетін еліміздегі жалғыз вокзал” деген депутат, оны жергілікті уақыт белдеуіне ауыстыру керектігін айтып, реніш білдірді.

Депутат, еліміздегі барлық вокзалдар Қазақстан қабылдаған сағат белдеуіне бағынуы керектігін де атап өтті.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика