«БҰЛ ТЕРРАКТ!» Петербордағы жарылыста 12 адам көз жұмды, 50-і жарақат алды (фото, видео)

3 апреля 2017

Санкт-Петербург қаласындағы метрополитенде жарылыс болып, 12  адам көз жұмды, тағы 50-ге жуық адам жарақат алды. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы бұл оқиғаны террорлық акт деп таныды. Бұл туралы РФ Бас прокуроры Александр Куренной мәлімдеді, деп хабарлайды Qasym.kz  тілшісі Regnum.ru ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Прокурора терактың орын алуына ықпал еткен жағдайдың бәрін анықтайды және мұндай оқиғаның енді қайталанбауы үшін күш салады», — дейді Александр Куренной.

Таргедия туралы алғаш болып  оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Метрода дүмпу естіліп, артынша көк түтін басып кеткен. Адамдар бірден сыртқа шығуға ұмтылады. Кейін анықталғандай жарылыс «Сенная» станциясынан «Технологический институт» станциясына бет алған поездың үшінші вагонында болған. Апаттан зардап шеккендердің нақты саны қазір анықталу үстінде. Құрбандар саны алдағы уақытта тағы да артуы мүмкін. 

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары  «Площадь Восстания» станциясынан тағы бір жарылғыш затты тауып, зарарсыздандырды.

Айта кетейік, дәл қазір  Санкт-Петербург қаласында   аймақтық БАҚ өкілдерінің IV медиафорумына РФ президенті Владимира Путин қатысуда.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика