Перзентханаға асыққан жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшырады

7 мая 2017

Қостанай қаласында жедел-жәрдем көлігі Kia Sportage жеңіл автокөлікпен соқтығысып, дәрігер қаза тапты. Ал 35 жастағы аяғы ауыр келіншек шұғыл облыстық перзентханасына жеткізілді, —  деп хабарлайды Qasym.kz

Жедел жәрдем

Оқыс оқиға сенбі күні сағат 11:00 шамасында орын алған. Ай-күні жақындаған келіншекті перзетханаға жеткізуге асыққан жедел-жәрдем көлігіне Баймағамбет пен Гагарин көшелерінің қиылысында  Kia Sportage көлігі келіп соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан  «УАЗ» көлігінде отырған 34 жастағы дәрігер мерт болды.

Қазір аталмыш іс бойынша  қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қажетті сот сараптамалары тағайындалды. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика