Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан оқушы қыз қаза тапты

7 сентября 2017

Павлодар қаласында трамвай екі оқушы қызды басып кетті. Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлаған. Апаттың суреті   Instagram желісіндегі @tipavlo парақшасы жарияланған.

Облыстық денсаулық сақтау   басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалиннің  айтуынша, оқиға сағат 7:43-те Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында орын алған. Сабаққа бара жатқан  2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кетті. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапқан, ал екіншісі аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, трамвай  алюминий зауытына бара жатқан. Оның рөлінде  бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика