Өзіне қол салған студент қыз соңғы хатын жазып қалдырған

7 ноября 2017

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы университетте білім алып жатқан студент қыз өзіне қол салды. Бойжеткеннің мәйітін құрбысы тауып алған. Қасында қоштасу хаты болыпты.

суицид

— Ол өте ұяң қыз болатын. Біз оның өлімін естіген кезде есеңгіреп қалдық. Әлі күнге дейін қара тұтып жүрміз, — дейді қызбен бірге оқыған Марат есімді студент «УН» басылымына берген сұхбатында. 

Студенттердің айтуынша, қыз баланың тілінің мүкісі бар екен. Ол үнемі кекештеніп қалып жүрген. Осыдан ұялса керек, көп адаммен араласпай, барынша оқшау жүруге тырысыпты. Оның өзіне қол салуының бір себебі осыдан да болуы мүмкін екен.

Студент қыз соңғы хатында оның өліміне ешкімнің кінәлі еместігін жазып қалдырыпты. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика