Өскеменде ұялы телефон жарылып, бір адам зардап шекті

2 мая 2017

Оқыс оқиға 28-ші сәуір күні ұялы байланыс құралын жөндеп жатқан кезде болған. Құлағы жыртылып, кеудесі жараланып, саусақтары сынған азамат қазір ауруханада жатыр. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.

Есін енді ғана жинап отырған Владимир Мисекешев өзінің аман қалғанына сене алар емес. Телефон жөндеумен айналысатын ол техниканың қыр-сырын жақсы меңгерген. Бар кінәрат қытай телефонынан келді дейді жараланған азамат. Бұзылған құрылғыны қалыпқа келтіріп тексермек болғанда жарылып кетіпті.

Владимир Мисекешев, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Телефонды жасап, тоққа тықтым. Кейін қоңырау шалып көрмекші болдым. Құлағыма жақындатқаным сол еді, атылды. Қытай телефонын алмаңыздар. Кішкентай балаларды мүлде жолатпау керек. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика