Өскеменде бір топ бұзақылар ер адамды темекі үшін өлтіріп кеткен

14 Ақпан 2018

Өскемен қаласында бір топ жігіт өздерінен темекі сұраған ер адамды аяусыз ұрып, өлтіріп кеткен. Өңірлік  YK-news.kz порталының дерегінше, қайғылы оқиға түн ортасы ауған шақты орын алған. Қылмыскерлер мен қаза тапқан адам мас болған. 

Қаралы түні ер адам үйінің жанында тұрған жас жігіттердің жанына барып, олардан темекі сұрайды. Алайда олар бермеген. Осы тұста жанжал туындап, топ жігіт әлгі адамды жабылып соққыға жығады. Жігіттердің біреуі бардюр сынығымен жәбірленушінің басынан ұрған. Осыдан кейін қылмыскерлер қашып кетпек болыпты. Бірақ оқиға куәгерлері оларды байқап, полицияға хабар берген.

Өскемен соты бұзақыларды қылмысқа қатысты деп тауып,  18 жылға бас бостандығынан айыру және маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу туралы үкім шығарды. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика