Орыс мектептері қазақ тілінен сынақ тапсырмайды

14 марта 2017

ерлан сағадиевҚазақ тілі ҰБТ пәндерінің қатарынан алынып тасталды. Күні кеше дәл осындай ақпарат ғаламторды дүрліктірген болатын. Артынша ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл өзгеріске қатысты түсініктеме берді.

«Ағымдағы жылдан бастап ҰБТ екі кезеңде өтетін болады. Түлектердің 100%-ы емтиханды мектепте тапсырады. Қазақ тілінен сынақ біріңғай тест түрінде мектеп қабырғасында тапсырылады. Қазір оқушылардың 85%-ы қазақ мектептерінде білім алуда», — дейді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, қазақ тілінде білім алатын оқушылар мемлекеттік тілден сынақты екі мәрте тапсырады. Ал орыс мектебінің оқушылары бір мәрте ғана тапсырады.
«Түлектер жоғары оқу орындарына құжат тапсырған кезде қазақ мектептерінің түлектері ҰБТ қазақ тілінен тапсырады. Ал қалған 15% бұл сынақтан өтпейді. Олар мемлекеттік тілді біріңғай тест түрінде мектеп қабырғасында тапсырады», — дейді министр.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика