Орск маңындағы Истемес қазақтарының тыныс-тіршілігі (фото)

9 апреля 2019

П.В. Алабин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Самара қаласындағы ең көне мәдени ошақтардың бірі.

Ол 1886 жылы құрылған. Самараға барған сапарымызда ол мұражайда Әлихан Бөкейхановтың екі фотосуреті сақталғандығын білдік. Бірі — Әлихан бабамыздың Наумов есімді көпестің үйінің алдында тұрған фотосуреті. Бұл фотосурет ешқашан Қазақстанда жарияланбаған екен. Екіншісі — Кадет партиясының мүшелерімен түскен суреті. Ол туралы ғылыми әдебиеттерде айтылған және жарияланған.

Бұл мұражайдан басқа бізге керек жәдігерлерді таба алмадық. Есесіне «Бір жоқты бір жоқ табады» дегендей, қандастарымызға байланысты отыздан аса (1930ж. түсірілген) бірнеше фотоқұжаттармен олжаландық. Олар Орск маңындағы Истемес қазақтарының тыныс-тіршілігін сипаттайды. Солардың бірнешеуін назарларынызға ұсынып отырмын.

Дереккөз:Нұрлан Орынбасарұлының facebook парақшасынан алынған

 


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика