Өркеннің туған анасы сот үкімімен келіспейтіндігін жеткізді

26 Мамыр 2017

Өгей шешесі өлтірген оқушы Өркен Азаматұлының анасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді. Ол сот үкімін әділ болмағанын және өзінің көңілі толмайтындығын жеткізді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Үкім әділ емес, өмір бойына соттау керек еді. Қазақстан заңнамасында әйелдерді өмір бойына соттау қарастырылмаған, сол себепті ең ұзақ жаза мерзімі — 25 жыл берді. Кәмелеттік жасқа толмаған Қадыржан заңнама бойынша ең ұзақ мерзім 12 жылға сотталды. Сол себепті судья әділ шешім шығарды деп ойлаймын. Тек Темірге берілген жаза мерзіміне көңілім толмайды. Ол кәмелеттік жасқа толған, өмір бойына соттауға болар еді. Неге аз мерзім бергенін білмеймін», — деді оқушының анасы Айжан Қыдырмолданова.

Оның айтуынша, келтірілген зиянды төлету үшін арыз беруді сот актісі қолдарына тиген кезде бір-ақ шешеді. Үкімге шағым түсіру ойларында жоқ. Жәбірленуші тараптың адвокаты Айман Омарова сот шешімімен келісетінін атап өтті. Ал Шәрипа Ақбердиеваның адвокаты Орман Қайдарбеков қорғалушысы ең ауыр жазаға кесілгенін айтты.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика