Өркеннің өгей шешесі қылмысқа не үшін барғанын айтты

25 Мамыр 2017

Алматы қаласында айуандықпен өлтірілген Өркен Азаматұлының ісіне қатысты кезекті сот процесі өтті. Сот барысында өгей шеше Шәрипа Ақбердиева өзінің кінәлі екендігін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. Айтуынша, оқиғаның осылай өрбуіне оның күйеуі мен енесі кінәлі.  

Өркен Азаматұлы

«Мен кешірім сұраймын. Соңғы 12 жылда Азамат менің қасымда тек ақша үшін ғана болды. Ол ешқашан жұмыс істеген емес. Өркен үш жастан бері әжесінің қолында тұрып келеді. Бірақ Азамат әкесі ретінде оған бірде-бір нәрсе әперген емес. Мен үнемі оның атынан сыйлық жасап жүретінмін. 2013 жылы мен Азаматқа несиеге көлік әпердім. Бір жыл жеті жыл бойына несиені төлеп келдім. Кейін төлемейтіндігімді айттым. Арамызда дау туындады. Сол кезде біздің арамызға енем түсіп, екеуміз ажырасып кеттік. Айжан, сенен кешірім сұраймын. Мен Өркенді дәл осылай өлтіреді деп ойламадым. Бұл менің және ұлымның кінәсі. Олар мені ақша үшін ғана ұстап келген тәрізді. Ал ақшам біткен бетте бізден бас тартты. Мен Өркенді алып кеткенде оны өлтіремін деп ойламадым. Бар болғаны Азаматпен сөйлескім келді», – деді көзіне жас толған Шарипа Ақбердиева.

Оның айтуынша, бұл іске Айдана Ақбердиева мен такси жүргізушісінің және Кәдіржанның еш қатысы жоқ. Қылмысты істеген Темір Ақбердиев. 

«Егер Айдана мен Руслан қылмыстың боларын білсе бірден полицияға хабарлар еді», – деді Шәрипа Ақбердиева.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика