Өркеннің анасы сотта ұлының өлімін қалай естігенін айтты

17 мая 2017

Өгей шешесі және оның балаларының қолынан мерт болған 11 жастағы оқушы Өркен Азаматұлының анасы Айжан баласының қазасы туралы қалай естігенін сотта айтып берді. Өркен жоғалып кеткен түні анасы жайсыз түс көріп шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өркен Азаматұлы

Өркеннің анасы Айжан Қыдырмолданованың айтуынша, ол оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын Алматыға жұмыс іздеп келген.

«Сол күні көзім ілініп кетті. Бұл күндізгі сағат 2-4-тің арасы. Сағат 6-00-де Өркеннің мұғалімі келіп, оны іздеп таба алмай жатқанын айтты. Сосын, бәріміз жабылып іздеуге кірістік. Келесі күні мектептің бейнебақылау камераларын тексерттік. Кадрден Өркенді бала жетектеген әйел ертіп кеткенін көрдік. Әйелді тану қиын еді, ал баланың Шәрипа Ақбердиеваның кішкентай қызы екенін таныдым», — дейді Өркеннің туған анасы Айжан.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика