Оралда ер адам өлі табылды

19 февраля 2018

Бүгін, 19 ақпанда Оралда шамамен таңғы сағат 8-де ер адам өлі табылды, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Ер адамның денесі Теміржол ауруханасы аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жолдың маңынан табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері, сарапшылар және криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Ер адамның өлім себебін полицейлер анықтап жатыр.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика