Өнер адамдары жаппай Төреғалиді жақтап шықты

25 декабря 2017

Қоғам екі күн бұрын Павлодардағы концертінде үлкен кісіге жекіп, бейәдеп қылық көрсеткен Төреғали Төреәліні қорғаушылар мен даттаушылар болып екіге бөлініп тұр. Бұған өнер адамдары да бей-жай қала алмады. Олардың да бір тобы әншіні ерсі қылығы үшін сөксе, екінші бр тобы оны қорғап, жастығын айтып, кешірім беруді өтінді. Жас әншінің бейәдем қылығына кешіріммен қарауды өтінгендер қатарында Қыдырәлі Болман, Бүркіт, Дидар Қамиев, Мөлдір Әуелбековалар бар.

Қыдырәлі Болман қазаққа бір-бірін итше талауға болмайтынын айтады. «Жаңылмайтын жақ,сүрінбейтін тұяқ болмайды. Әрине Төрештің қателігі бар..Қателіксіз кім түзелген ? Ет пен сүйектен жаралған пенденің бәрі қателеседі,сіздің де біздің де әттеген-айымыз бар. Еш жаңалық ашқан жоқпын бұл сөздеріммен. Одан да үлкен Мәселе-бірлігімізге жанымыз ауырмауы,қазақтың бірін-бірі итше талап ,жұлып жеуге ұмтылуы. Өзі аз қазақ бірін-бірі жамандап,жағадан алғанда не ұтпақпыз?»-дейді продюсер.

Ал Бүркіт болса: «Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ! Дегенмен , адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы. Қазаққа тән мәдениетіміз қайда кетіп бара жатыр? Не мынау, жаппай инста жүйесінде бәрі жабылып жас балаға ?!. Сабырлық сақтайық, қалай айтсақ та ол өз бауырымыз , қазақтың баласы! Қандасымыз!»-дейді.

Ағаларының сөзіне айтыскер ақын Дидар Қамиев те қосылған. Ол Төреғалидің сол кеште ауырып тұрғанын, әбден шаршағанын айтқан.

«Ағайын мәселеге бір жақты қарамайық. Ол Атыраудағы екі концерттен терлеп шығып ауырып қалды. Павлодарға кетерінде қатты ауырып кеткенін көзім көрді. Қанша күндік жол, қанбаған ұйқы, жаныңа батқан сырқат, ұйымдастырушылар тарапынан боп жататын кейбір кемшіліктер мұның бәрі жүйкеге әсер етпей қоймайды. Мен мұның бәрін қасында бірнеше күн жүріп көзіммен көріп, жаныммен сезінген соң айтып отырмын. Үйде жылы төсекте жатып сын айту әрине оңай. Сондай жағдайда тұрып ашуға беріліп кеткен шығар. Ашу дұшпан дейді атам қазақ. Ашу үстінде артық кеткен сөздері болса кешіріммен қараңыздар!»-деген ақын халықты кешірімді болуға шақырады.

Ал Мөлдір Әуелбекова болса Төреғалимен түскен суретін жүктеп, оны қолдайтынын өлең жолдарымен жеткізген.

Дереккөз: Reactor


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика