ОН АЛТЫ ЖАСТА ЕДІ

15 Желтоқсан 2016

Сәбира Мұхаммеджанова Сәбира… Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш кластарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. Бірінші курсты орташа бітірген. Класс жетекшісінің айтуына қарағанда, математика, физика секілді пәндерден жақсы оқыса да, кей сабақтардан нашар оқыған.

Класс жетекшісі Шолпан Мұхамедиева бар оқиғаны көз алдынан кино лентасынан еткізіп отырғандай бастырмалата әңгімеледі. Кыз мінезінің қыңырлау бояғанын, онымен бірге тұрған қыздардың айтуына қарағанда, бір жолы кеудесін, -білегін алмаспен оқыс тіліп тастағанын, оның семьясында бұрын да бір тосын оқиға болыпты дегенді естігенін, жалпы, шешесі де бір түрлі боп кәрінгенін, соған қарағанда семьясында бір түсініспеушілік бар ма деген күдігін айта келіп:
— Желтоқсан күні екі қазақ бөлімі сабаққа келмей қойды. Олар сол күні кешкі сағат бес-алтыларға дейін кәшеге шығып, ЦУМ-ның маңайына барыпты. Қас қарая жиналған қыздарды жиналысқа шақырып, мән-жайды білдік. Оларға неге шықтыңдар деп едік, жатақханаға кеше жақсы киінген бір әйел келіп: «Ертең ЦУМ-ға келіңдер. Алматыдағы жағдайды сол жерден толық естисіңдер. Мұндағылар шындықты сендерге айтпай отыр. Алматы жақтан 9 адам келеді…»— деп айтты десті. Оны қоқыс төгуге шыққан Нұрпейісова Алмагүл көріпті деп сөзін ары қарай жалғастырды… Ал, 26-желтоқсан күні телеграмма салып шақырып алған ата-аналармен кездестік. Арада көп уақыт өтті, мен сол бір жағдайды ұмытып та қалыппын… Сәбираның мамасымен оқу ісінің меңгерушісі Мария Жұмағұлованың кабинетінде сөйлескенбіз. Қасымда қай мұғалім болғаны есімде жоқ. Сәбираның шешесі қиын адам екен. «Мен сенімен сөйлеспеймін, директормен сөйлесем» деп, телеграмманы бетіме лақтырды. Мен директорға кеткенімде Сәбира шешесімен кабинетте қалған. Қайтып келсем, кетіп қалыпты. Іле-шала «үйден құлапты» дегенді естідік… Десе де, Сәбира сонда сұмдық мінез-құлқымен бірде болмаса, бірде майып болар еді!— деп класс жетекшісі сөзін аяқтады.
Онын соңғы сөзі жүрегімді қанжармен осып жібергендей болды. Класс жетекшісінің сөзі «айттым — бітті» деген үкімдей естілді. «Аузыңыз барып, қалай айтасыз?» деген сауалға Сәбира: «Мен оқымаймын, өлемін!»— деп, маған бірнеше рет айтқан. Ол бәрібір адам болмас еді. Шешесі зорлап оқытты ғой»,— деп жауап берді. Бұл жерде Шолпан Мұхамедиеваның тайсақтап, шындықты толық айтпағанын, бүгіп қалғанын түсіндім. Училищенің директоры Николай Николаевич Баранов пен оқу ісінің меңгерушісі Мария Жұмағұлова да «Біз ештеңе айта алмаймыз» деп ат-тондарын ала қашты. Ал, сол желтоқсан оқиғасына қатысты училищеден сегіз жасөспірім шығарылыптьі. Олардың кейіннен үшеуі ғана оқуға қайта алынып, біреуі ғана бітірген. Училище қабырғасынан ер балалардың шығарылуы тегін емес екені өзінен-өзі түсінікті. Ол кезде жатақханада бір сағат болмай қалған адам астана ғана емес, Алматыдан алыс қалаларда да: «сырттай» бұйрықпен-ақ шығарылып жібергені бүкпесіз шындық. Бірақ, он алты жасар қаршадай қыздың өлімі училищеде оқитын басқа қазақ қыздарын тергеп-тексеруден, қудалаудан құтқарғаны — басы ашық жай.
Сексен алтыншы жылғы желтоксан толқыны Өскемен қаласында жастардың қозғалысына әсер еткені шындық. Толқу 22-желтоқсан күні сағат 19 бен 21 аралығында болған. Бірақ, бұл толқуды сол кезде ешкім де сабырлылықпен салмақтай қоймаған. Жастардың көшеге стихиялы түрде шыққанына сол кезде Өскемен құрылыс-жол институтынан шығарылып, қазір оқуын қайта жалғастырып жүрген Нұрғазы Сауханов, Тілеуғазы Құрманбаевтармен жүздесу барысында көзіміз жетті. Тіпті, олар әлі күнге дейін өздеріне қандай кінә таңылғанын, шығарылған жеті студентке №830 — С бұйрығында берілген айыптаудың мазмұнын да білмейтін боп шықты. Сегіз адам қол қойған «за идейно-политической убежденности в социалистнческом строе, проявление чужой морали, выразившихся в виде огалтелого национализма, учинении массовых беспорядков на улицах г. Усть-Каменогорска…» деген бұйрықтың өзі құпия түрде берілсе керек. Өйткені бұл бұйрықтың езінде көп қайшылықтың ұшы көрініп тұр. Қалада «қаны тамшылаған ұлтшылдықтың» бола қоймағаны, «жаппай бейбастақтың» еш жерде көрініс бермеуінен осындай жалған бұйрық беріп отырған жоғары оку орнының ез басшылары да қорықса керек.
Өскемен педагогикалық университетінің ректоры Ережеп Мамбегқазиевтің айтуына қарағанда, сол кезде бұл оқу орнында еңбек, соғас ардагерлері мен институт мұғалімдері комиссиясы құрылып, олар көптеген жазықсыз студенттерді жазаланудан аман алып қалған. Мұндай іске бастауыш партия ұйымының хатшысы Анатолий Адамович Поюк мұрындық болудың орнына «Обкомның идеология бөлімінен мағаң телефон соғып жатыр, сіздер неге кінәлілерді шығармайсыздар, тезірек шара қолданыңыз!»— деп ректор мен құрылған комиссияныц мүшелерін мазалай беріпті. Әрине, мұнан да пысықтар табылып, бес студент оқудан шығарылыпты. Ал, сол бір дүрбелең уақта обкомның идеология бөлімін басқарған Г. Бердюгин жоғарыдан нұсқау мен бұйрықты телефонмен талай жерге шалғаны да шындық. Бір қызығы Г. Бердюгин жолдас ПМ, МКК, т. б. мекемелер қарайтын обкомдағы адмкомиссияны өзі орнынан түскен кешегі күндерге дейін «курировать» етіп отырғаны әркімге белгілі жай. Желтоқсан жағдайында бұл билікті де ол кісі тоқырау жылдары тұрғысынан «тікелей басқарып», жедел асырса керек. Бірақ бұл жерде Г. Бердюгиннің өзіне де «жоғарыдан» бүйрық келгенін, Республикадағы ең басты идеолог — Камалидиновтың өзі жастарды «алашордашылар» дегенін ұмытпағанымыз жөн.

* * *

…Зайсаннан шыққан автобус түс ауа балықшылар ауылы Тұғылды басып өтіп, кешікпей Тарбағатай ауданының орталығы Ақжарға жетті. Ертеңгісін ертемен Сәбираның ауылы Ақмектепке келе жатып: «26.12.86 г. Между Мухамеджновой, ее матерью и классным руководителем педагогического училища произошел разговдр по поводу ее поведения и успеваемости, после чего Мухамеджанова пошла в обшежитие. Зайдя в с.вою комнату, она пошла сразу же к окну, встала на подоконник и высунулась в форточку, а потом через нее выбросилась с 5 этажа. В машине «скорой помощи» Мухамеджанова скончалась»,— деген
Ульба аудандық прокуратурасының тергеушісі А. М. Алферовтың қорытындысын еске түсіріп, тергеуші «неліктен желтоқсанға қатысты кикілжіңнің туғанын, ұрыс- керістің түп-төркінін жасырып қалды?» деген түйткілге тіреле бердім. Кешікпей-ақ түйілген түйткілді алпысқа кеп қалған ақ шашты Сағидолдина Күлшара апа аз да болса тарқатқандай болды.
— Мен жатақханаға жеткенімде, Сәбирам түскі сабаққа кеткен екен. Тәрбиешісінің рұқсатымен кілт әкелген соң 141-бөлмеге барып отырғанымда, қызым келіп құшақтап, денсаулығымды сұрады. Көңілім босап, оны қатты қысып жыладым… Көп кешікпей жиналысқа шақырып келді. Жүрегім сол-ақ екен бірдеңені сезгендей атқақтай аузыма тығылып, барғым келмеді. Сол сәтте Сәбирам: «Мені 10-класқа қайта қабылдай ма?» — деді.
Мен «қабылдайды», дедім. Жиналыста менен басқа ата- аналардан екі әйел, үш еркек бар екен. Жиналыс жүріп жатқанда Сәбирамның класс жетекшісі Шолпан: «Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой,— деп қызыма шүйілді. — Соны шешеңе қайталап айтшы».
«Өзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне?»— деді де, қызым түрі бұзылып, булығып, еңіреп жіберді.
«Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естіген емес еді»— дедім.
«Я, солай ма?»— деді класс жетекшісі.Сөйтті де: «Енді бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор шешеді» деп, есіктен шығып кетті. Осы кезде Сәбирам өзімен бірге жиналыска түскен қызбен қасымда тұр еді, іле-шала қалай шығып кеткенін байқай алмай қалдым. Қласс жетекшісі келді де, директор келмей қойды. Біз күтіп қалдық. Бес минут өтпей жатып-ақ екі ұл бала жүгіріп келіп: «Шолпан апай, бесінші этаждан құлап, қызыңыз өліп қалды!»— деді аптығып. Менің жүрегім тас төбеме шығып, «Менің Сәбирам ба?» дей
бердім. Есікті таба алмай қалдым…»— деп ананың көзінен жас парлады.
Ал, Сәбираның класс жетекшісі Шолпан Мұхамедиеваның отыз жыл мектепте мұғалім болып, құрметті демалысқа шыққан бұл адамның ақыл-есіне күмән келтіргенінің бекер екеніне, ешқандай үлкен қызының асылып қайтыс болмағанына,семьясының жағдайы дұрыс екендігіне көзіміз жетті. Рас, бір ұлы рактан қайтыс болыпты. Он алты жасар кенжесінің өлімі бұл шаңырақты дауыл тұрғандай шайқалтып кетіпті. Алпыс үшінші жылғы әпкесі Сәуле Сәбира өлімінен кейін жылай-жылай басынан ауруға шалдығыпты, қарындасы қайтыс болған кезде әскерде жүрген алпыс сегізінші жылғы Төрехан келген бойда ішімдікке салынып, бұзылып кете жаздапты. Бәрінен де «Сәбираны елтіріп әкелген сенсің, сен кінәлі!»-дейтін ері Ерсінбектің күйігі бүкіл ауылды күңірентеді.
17 қазанда үйінежазған хатында Сәбира сағынышын шерте келе, «Класс жетекшіміз ананы істеңдер, мынаны істеңдер деп мыжыңдай береді…» деп баға беріпті. Осының өзінен-ақ желтоқсанға дейін-ақ оқушы мен класс жетекші арасындағы жағдайдың кандай болғаны бай калады. Сондықтан да шешесі қанша жалынса да, жиналыс үстінде кешірім сұраудан Сәбира бас тартқан. Мұның әзі Сәбираның біржола тұйыққа тірелгенін, он алты жастағы етпелі кезеңдегі жас кыздың ыза мен намыстан өлімнен басқа жол таңдай алмауына айғақ дер едік. Әрине, бұл жерде класс жетекшісі педагог ретінде етпелі кезеңде жасөспірімнің қандай іске де бас тігетінін ескеріп, оны іштей түсініп, тығырықтан шығудын жолын қарастыруы керек еді. Өкінішке олай болмай шыққан.
Сондай-ақ, Шолпан Мұхамедиеваның «Сәбира бір жолы кеудесін, білегін алмаспен тіліп тастапты. Мұны айтып жүрген Зәуреш Байырова»* деген соң, Зәурешпен де кездестік. Ол бірінші курста ғана бірге тұрғанын, Сәбираның аса адал, өжет екендігін айта келіп, кеудесі
мен білегінің тілінген жерін бірінші курста, яғни бір жыл бұрын байқаусызда бір көріп қалғанын, бірақ оның әліміне мұның ешқандай қатысы жоктығын, Сәбира сана-сезімінің сызатсыз мөлдірлігіне кепілдік бере сөйледі. Ал, екінші курста бірге тұрып, қайтыс болған сағатына шейін бірге болған Уатқан Қасымова мұндай қылықты Сәбирадан мүлде байқамағанын, көзбен көрмегенін айта келіп, Сәбираға қатысты кезеңді жасырмай жеткізді.
«Бізді де бір-бірлеп шакырып алып сұрады. Іште Мария Жұмағұлова, Останина, Шолпан Мұхамедиева бар екен. Мұғалімдеріміз Алмагүл Нұрпейісоваға, Жанат Ахмедиеваға, «комсорг бола тұра сен басу айтпадың, бізге олардың ойын жеткізбедің» деп Керім Нұрғазинаға көп кінә тағып, бұларды «күдікті» деп тапты.
Сосын «күдікті» қыздар саналғандардың ата-аналарына шақыру телеграммаларын салды. Зайсандық Жанат Ахмедиеваның «Біз не істедік? Ешкімді де бастап апарғанымыз жоқ қой. Бастағанда қайда апармақпыз?» деп зар жылағына әлі есімде…»
26-желтоқсан күні ата-аналар шақырылған құрбыларыммен жиналыс болып жатқанда мен сабақтан келіп, тамақ пісіріп қойып, үйлерімен сөйлесуге телеграфқа кеткен Гүлнар, мен Жанарды және шешесімен жиналысқа кеткен Сәбираны күтіп, алдыма дипломатымды қойып, төсек үстінде сабақ қарап отырғам. Кеш карайып қалған мезгіл. Кенет есік сарт етіп ашылып, көзі жылағаннан қанталап ісіп кеткен, жүзі ашу-ызадан өрт сөндіргендей Сәбира кіріп келді. Мен: «Не болды?»— дедім жүрегім қобалжи. «Ештеңе болған жоқ»,—
деп бір-ақ қайырды. Сонда да: «Мамаң қайда?» дедім. Сәбира терезеге қарай қозғалған бетте: «Соны қарағалы тұрмын»— деп терезе ернеуіне секіріп шықты. Сыр-
тын перде жауып қалды. Ойымда түк жок, мен есебімді шығарып отыра бердім. Іле-шала терезе пердесі сытырлады. Жалт карасам, Сәбираның аяғы форточкадан көрінеді. Шошығанымнан орнымнан атып тұрғанымды білем. Сол кезде Сәбираның ащы даусы шықты.
Қарсы бөлмедегі кыздарға жүгіріп барып: «Қыздар, Сәбира секіріп кетті!»— дедім. 108—109 бөлмедегі қыздармен бірге бәріміз төменге жүгірдік. Бірақ бізді бірінші қабаттан тысқа шығармай қойды… Бірінші қабатта Сәбираны зембілмен көтеріп келе жатыр екен. Бетіне ақ жауып тастапты. Сосын жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Қөз алдым тұманданып, егіле бердім.
Әлден уақытта Сәбираның шешесін бөлмемізге ертіп келді. Ол кісі: «Қызым, сүт кенжем-ау, бұл не істегеннің?! Не жазығың бар еді? Өлтірді ғой… Өлтірді!»— деп үзіп-үзіп сейлей берді. Шешей бір-екі күн Сәбираның төсегінде жатып шықты… Кәрі ана қатты қиналып, көз алдымызда шөгіп кетті.— Уатқанның көзіне жас іркілді.— Қарағым,— деп жіп иіріп отырған Уатқанның анасы Жұмахан шешей әңгімеге араласты.— Сол Сәбираның өлімінен кейін қасында бірге болған бұған да оңай соққан жоқ. Түн баласында шошып оянатынды
шығарды…
Иә, көңілдегі көп түйткіл түйіні тарқағандай… Бірақ, тергеуші Альферов бұл өлімнің жай өлім емес екенін білсе де, мойынға алар жауапкершілік пен желтоқсан дүрбелеңі дегеннен бой тарту үшін —«разговор по поводу ее поведения и успеваемости» деп жылы жауып қойғаны қайғылы оқиғаға көлеңке түсіреді. Бұл жерде класс жетекшісі Шолпан Мұхамедиеваны ғана кінәлы деу ағаттық болар еді. Егер намысшыл Сәбирамен, оның анасымен әңгіме болған сәтте училище директоры Николай Баранов келіп, басқа да мұғалімдермен бірге бар жағдайдың анық-қанығына жеткенде, қайғылы жағдай болмас па еді?!
Жалпы бұған желтоқсан толқыны, толқуы кінәлы десек, соны солақайлықпен талқыға салған жиын-жиналыстар, шұғыл шара қолданушылар мен шешім қабылдаушылар тікелей кінәлы. Сәбира туралы да Жоғарғы Кеңестен құрылған комиссия өз тұжырымын айтты. Ендігі сәз жергілікті заң қорғау органдарында…

Асқар Алпысбаев
Шығыс Қазақстан облысы
«Желтоқсан құрбандарын жоқтау» кітабынан
«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика