Өлім жазасына кесілген балалар

3 мая 2017

Ең ауыр жаза — өлімге кесу. Әрине, ардан аттап, адамзатқа қастық ойлаған азғындарға лайықты болуы мүмкін. Әйтсе де әлемнің кей елдерінде кәмелет жасына толмаған балаларға да өлім жазасы қолданылады екен. Олардың арасында Иран Ислам Республикасы да бар. Осыған байланысты БҰҰ ресми түрде Иран билігін өлім жазасын балаларға қолданбауға шақырды, — деп хабарлайды Qasym.kz 

Иран заңы бойынша ауыр қылмыс жасаған адам бірден өлім жазасына кесіледі. Бұл жаза әйел жыныстылар үшін 9 жастан, ер балалар үшін 15 жастан бастап қолданылады. Бейресми мәліметтер бойынша, соңғы жылдары Иранда  кәмелет жасына толмаған 90 балаға ең ауыр жаза қолданылған екен. Олар түрмеде түрлі психологиялық қысымға ұшырап, әбден азапталады, артынша дарға асылады. Сондықтан да БҰҰ ел билігін адам құқықтарын сақтауға шақырып отыр.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика