Өлді деуге болар ма (Сүлейман Стальский қайтыс болғанда)

13 Қаңтар 2018

Дағыстанның даңқты,
Қайратты қарт бұлбұлы ең.
Сүйсіндіре халықты
Күй төгіп ең тіліңнен.

Ерте туып, кеш жасап,
Көпті көзбен көріп ең.
Көргеніңді әнге сап,
Жырға тізіп беріп ең.

…Сол өмірдің қарасы
Біржолата батқанда.
Қуанып адам баласы,
Бақыт таңы атқанда:

Көне көзің күлімдеп
Жүзіңде ойнап бақыт нұр.
Ой түбінен нөсерлеп
Ақтарылды шаттық  жыр.

Қарт Кавказдың құзынан
Аса шапқан дүлдүл ең.
Бақытты өмір шыңынан
Ән шырқатқан бұлбұл ең.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика