Оқушының не себептен трамвай астына түспек болғаны белгілі болды

22 сентября 2017

Павлодар қаласында мектеп оқушысының не себептен трамвайдың астына секіргені белгілі болды. Бұл туралы  Павлодар қалалық білім бөлімінің өкілдері  айтып берген. Олардың хабарлауынша, бала трамвай астына суицид жасау үшін емес қалтасынан түсіп қалған кілтті алу үшін секірген.

Оқушы жолдан өтіп келе жатқан кезде қалтасындағы үйдің кілті түсіп, релстің арасына түсіп қалған. Ол жақындап қалған трамвайды көрсе де кілтті алуға үлгеремін деп ойлап, секірген. Алайда бұл жылдамдықпен келе жатқан трамвай дер кезінде тоқтап үлгермей, оны қағып кетеді. Абырой болғанда дәл сол кезде балаға өтіп бара жатқан жігіт көмекке келіп, оны құтқарып қалған.

Қазір баланың жағдайы жақсы. Ол өз бетімен жүріп тұра алады. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика