Оқушыларға интернетке кіруге заңмен тыйым салынбақ

2 мая 2017

Бүгін Мәжілісте балаларды қорғау туралы құжатты талқылаған депутаттар ұл-қыздарды осылайша сананы улайтын сайттар мен әлеуметтік желілерден біржола аластатпақшы. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.

Яғни, жасөспірімдерге әлеуметтік желіге, порнографиялық сайттарға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Ол үшін ұялы байланыс операторлары оқушыларға арналған интернет пакетін шығарғалы жатыр екен. Бірақ компьютер клубтары барын ескерсек, жеткіншектер шектеуді айналып өтері сөзсіз. Оның үстіне интернетті бақылау мүмкін еместігін шенеуніктердің өздері де мойындап отыр. Алайда, халық қалаулылары бір жолын табуды сұрап ұл-қыздарға психиканы бұзатын атыс-шабыс ойындарды да ойнатпау керек дейді.

-Тосқауыл қоймай болмайды. Өйткені, watsapp немесе басқа желіде болып жатқан дүниені  баланың психикасы көтермейді. Оны тыңдап көрген соң баланың агрессиясы көтеріліп, әртүрлі экстремистік, террористік немесе баланың рухани болмысын астаң кестең ететін ақпараттан қорғауымыз керек, — деді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика