Оқушы мектепте көз жұмды. Жедел жәрдем 18 рет шақырса да келмеген

19 Сәуір 2018

Ақтөбе қаласындағы №38 мектепте оқыған 10 жастағы Дильназ Абишева сабақ үстінен есінен танып қалды. Ұстазы 18 мәрте жедел жәрдемге қоңырау шалғанымен олар келмеген. Амалсыз көшеден такси ұстап, ауруханаға баруға тура келіпті. Бірақ бәрі кеш еді. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.

Қайғылы оқиға болатын күні бесінші сынып оқушысы күндегі әдетінше сабаққа барады. Тіпті ата-анасынан циркке бару үшін ақша да алған. Бірақ қапыда қайғылы қазаға ұшырады. 

«Бұл екінші ауысым болатын. Кенет оқушы қысылып, есінен танып қалды. Дереу жедел жәрдем шақыра бастадық. Олар келмеді. Сосын көшеден көлік іздедік. Ол бұған дейін бірнеше мәрте есінен танған. Дәрігерлер оған су мен шай беріп қана қайтарып отырды», – дейді мектеп завучы Бимаш Тлеубергенова.

Алайда Дильназдың анасы қызының денсаулығында кінәрат болмағанын айтып отыр. Олар жақында ғана толық тексеруден өткен екен. Қазір қыздың өлімі нақтылану үстінде. Оның өліміне не себеп болғаны сараптамадан кейін белгілі болады. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика