Нұртас Адамбай оқырмандардан қолдау сұрап отыр

1 апреля 2017

Ел арасында «Сәбина келін» деген атпен танылған актер Нұртас Адамбай өзінің орыс тіліне қатысты ойын айтып, қоғам талқысына түскен болатын. Қалың оқырманның сынына түскен ол енді қазақ тілін үйренуге көшіпті. Бұл туралы актер өзінің әлеуметтік желіде парақшасында жазып, оқырмандарынан қолдау сұрады.

«Егер мен қазақша жазғанда көп қате жіберсем, күлмеңіздер. Көмектесіңіздер. Сондай бір өтініш бар, достар», — деп жазды актер.

Оның бұл жазбасын желі қолданушылары қызу талқылап, көпшілігі қолдау көрсетті. Кейін актер өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс білдіріп, қазақ тілін білмейтін қазақстандықтарды тіл үйренуге шақырды.

«Мен өз өтінішіме құлақ асқан жандарға алғыс айтамын. Мойындаймын, адамдардың мені қолдап, маған қамқорлық танытқандары тіл үйренсем деген мақсатымды күшейте түсті. Мен мемлекеттік тілді білмейтін барлық қазақстандықтарды тіл үйренуге шақырамын. Қазақ тілінде пост жазуға дағдыланыңыздар. Қате жазамын деп қорықпаңыздар. Адамдар сіздерге қолдау көрсетеді. Мұны мен өз мысалым арқылы айтып отырмын», — дейді актер.

Сұлтан Жомартұлы

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика