НҰРЛЫ ДҮНИЕ

4 Қаңтар 2018

Нұрлы дүние, шіркін дәурен,
Ойлаймын ғой сені ылғи.
Көкейімнен кетпей сәулең,
Көкірегімде толқиды күй.

Қатты сырқат үстінде де
Бір сені ойлап қиналамын.
Өңім тұрсын, түсімде де
Сені қайтіп қия аламын.

Тірліктегі тыпыршыған
Бір күніңе не жетеді!
Аулақ, ауру ыңырпсыған,
Өмір күйі тербетеді!

Нұрлы дүние –думанды елім,
Жарқылдайсың жас айбынмен.
Бір сен үшін туған едім,
Бір сен үшін жасаймын мен!


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика