«Ninety one» тобы алты ай бойы қайда жүрген?

13 мая 2017

Өткен жылы «Найнти уан» тобы елді біраз шулатты. Атышулы топтың жоспарланған концерттері өтпей, әр қалада оларға қарсы шаралар ұйымдастырылған еді. Тіпті топ продююсері Ерболат Беделханның Дәулет Тұрлыхановқа даусы ұқсас адаммен телефон арқылы сөйлескен аудиожазбасы желіде кеңінен тарап елді тағы да дүрліктірген болатын. Осыдан кейін «Найнти уан» жігіттерін еш жерден көрмедік. Сонда, алты ай бойы қайда жүрген? 

— Негізінде біз студияда көптеген жұмыстар істедік. Жақында альбомдарымыз шығады. Бөліп-бөліп шығарамыз бірақ, сонда да альбомымыз шығады, — деді «Ninety one» тобы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына берген сұхбатында.

Тіпті, найти уандықтар аз да, көп те емес, алты ай ішінде өздері туралы фильм түсіріп үлгеріпті.

— Осыдан екі күн бұрын біздің фильмнің түсірілімі бітті. Күзде 91-дің іштей көрген шынайы оқиғасын көре аласыздар. Сіздерге рахмет, — деді «Ninety one» тобы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына берген сұхбатында.

Жаңа леппен, жаңа күш-қуатпен қайта оралған топтың өнерін тамашалауға Алматы аренаға 15 мың адам жиналыпты. Фанаттары қолдап қолпаштаған топ әндерімен қазіргі жастардың тілімен айтқанда, «сахнаны жарды». 

— Негізі біз сахнаға шығуды шынында да қатты  сағынып қалдық. негізінде ұзақ уақыт дайындалғанбыз. негізінде біраз нәрсе болған. Кімге рахмет айтатынымызды өзіміз білеміз. Үлкен рахмет,  — деді «Ninety one» тобы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына берген сұхбатында.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика