НЕ ДЕЙДІ?! Сәбиді ұрлаған әйел қоғамға бар шындықты жайып салды

28 марта 2017

Сәби ұрлығы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғыны бар байлығы — баласын ұрлатып алды. Ол өзінің барар жері қалмаған құрбысын үйіне кіргізген, сол үшін опық жеп отыр. Әуелде бала күтуші болып, екі жастағы сәбиді бағып-қағуға көмектеспек болған келіншек баланы алып із суытыпты.
Абырой болғанда, полицейлер оны дер кезінде қолға түсірді. Сәби анасына қайтарылды.
Оқиға былай өрбиді. Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны Е.О-ның  үйіне балалар үйінде бірге тәрбиеленген құрбысы келіп көмек сұрайды. Материалдық қиындықтарға байланысты баспанасыз қалған досына жаны ашыған келіншек оны үйіне кіргізген. Ақысына баласын баққызбақ болады. Алайда кешке жұмыстан келгенде құрбысы мен перзентін таппай қалады.

«Күтуші әйелді бұрыннан танимын. Екеуміз «Таңшолпан» балалар үйінде өстік. Оның тұратын жері жоқ болған соң, күтуші ретінде қабылдағам. Маған қызымды күтуге көмектессін деп ойладым», – деді Е.О.

Құрбысы «Аналық сезімім оянып, В.-ны Алматыға алып кеттім, іздеме» деген хат қалдырған екен. Алайда жедел іздестіру шараларын қолға алған полицейлер 22 жастағы күдіктіні Алматыдан емес, Астана қаласынан ұстады.
Күдікті келіншек өзінің бір сәттік сезімге бой алдырғанын мойындап, құрбысынан кешірім сұрады. Алайда Е.О оны кешіруден бас тартып, арызын кері қайтармады.

-Ақшамды немесе дүниемді қолды қылса кешірер едім. Мұнынысы шектен шыққандық. Басымнан не өткенін білсеңіздер ғой. Балаға абай болу керек екен. Полицейлер тез арада таппағанда, оның не ойы барын кім білген? Баланың үсті басы малмандай су, енді дәрігерге қараламыз, — дейді ол.

Аталған іс бойынша тергеу басталды.

Сұлтан Жомартұлы

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика