Назым Есентаева Баянның өтірігін ашты

2 октября 2017

Баян Есентаеваның соңғы сұхбаты  бұрынғы жары Бақытбектің туыстарының шамына тиген секілді. Осы орайда, Назым Есентаева продюсерді бар шындықты жұртқа жария ететінін айтып қорқытты. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Атышулы продюсер Баян Есентаева жақында телеарналардың біріне берген сұхбатында бұрынғы жары Бақытбек Есентаевтің қарындасы жайында ашық пікір білдірді. Онда Бақытбектің туған қарындасы Нағиманың ажырасып, екінші рет тұрмыс құрғанын айтып, көпшілікке жария еткен болатын. Алайда, бұл Баянның қайын әпкесі Назым Есентаеваның намысына тиіпті. Тіпті, алғаш естігенде ашу-ызасы келген. Сондықтан, арнамызға сұхбат беруді жөн санап хабарласты.

“Бір жылдан бері Баян мен Бақытбектің жеке өмірі, қарым-қатынасы жайында жақ ашпадық. Енді міне, туысқандарына ауыз сала бастады. Бұған шыдамаймыз. Сондықтан да ата-анасына айтарымыз: Баянға ақылын айтып жөнге келтірсін. Бұдан арыға бармай-ақ қояйық. Егер ондай болмаса біз бар шындықты айтуға мәжбүр боламыз”, – дейді Назым Есентаева.

Бірақ, Назым Баян жайында әзірге шешіліп сөйлемеді. Ал, жақында жарық көрген «Өзім жайында» атты кітабында Баян бәрін еш бүкпесіз, ашық жаздым деп айтқан еді. Алайда, қайын әпкесі продюсердің шындықты жазғанына күмәнданады.

“Бақытбекке сүймей қосылғанмын, 22 жыл бойы бақытсыз өмір сүрдім дейді. Шыншыл болса, неге сүймейтінін айтып, ажырасып кетпеді? Бақытты кейіп танытып неге бірге өмір сүріп келген?” – дейді Назым Есентаева.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика