Назерке Әріптің туыстары қылмыскерді қатаң жазалауды талап етуде

9 октября 2017

18 жастағы Назерке Әліпті қатігездікпен өлтірген такси жүргізушісі ұсталды. Қылмыскер қызды қорлап, артынша өлтіріп кеткен. Бойжеткеннің туыстары қанішер жігітті қатаң жазалауды талап етуде.

 «Сот әлі болған жоқ. Әрине, қылмыскерді барынша қатаң жазалануын талап етеміз», — деді қыздың туыстары Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, ұсталған такси жүргізушісінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар және осыған дейін сотты болған.

Айта кетейік, бүгін 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген такси жүргізушісі ұсталды. «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам кінәсін мойындады», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика