НАУРЫЗДЫ СӘУІР АЙЫНДА ТОЙЛАУ ҰСЫНЫЛДЫ

19 февраля 2017

Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов наурыз мейрамын сәуір айында тойлауды ұсынды. Аймақ басшысы бұл ұсынысын Повладардың суық ауа-райының салдарынан жалпыхалықтық сипаттағы шара ұйымдастырудың қиындығына байланысты деп түсіндірді.

«Мен өткен жылы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, наурыз мейрамын сәуір айында лайықты деңгейде атап өтуді ұсындым. 22 наурызда біздің өңіріміз әлі де қар құрсауында жатады ғой. Бұл наурыз мейрамын тойлауда қиындықтар туғызады. Менің ойымша, сәуір айы туған соң мейрамды кең көлемде атап өтуіміз керек», — деді аймақ басшысы Болат Бакауов халыққа есеп беру барысында.

Әкімнің айтуынша, бұл бар болғаны ұсыныс қана. Егер павлодарлықтар тарапынан қолдау болса, онда мейрамды тойлау уақыты өзгертілуі мүмкін. Әкімнің ұсынысы әлеуметтік желіде қызу талқыға салынуда. Қолдаушылар да табылып отыр. Бірақ пікір білдірушілердің дені ғасырлар бойы қалыптасқан мейрамды тойлау уақытын өзгертуге болмайтындығын айтуда.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика