Нәрестені ажалдан құтқарған жолсерік ең жоғарғы марапатқа ұсынылды

7 Тамыз 2017

Жол үстінде есінен танып, клиникалық өлімді бастан өткерген сәбиге дер кезінде алғашқы көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалған жолсерік   Алтынай Рамбаева 4 тамыз күні өз саласының ең жоғарғы марапатын иеленді. Оған «Құрметті темір жолшы» төсбелгісі табысталды, – деп хабарлайды Qasym.kz

Алтынай Рамбаева

 Жол серік Алтынай Рамбаева 3 шілде күні «Маңғыстау – Астрахан»  бағытында кетіп бара жатқан поезда есінен танып қалған екі айлық сәбиді өлімнен арашалап қалған болатын. Ол 40 минут бойы сәбиді құтқарып қалудың барлық тәсілін қолданып, оның есін жинауына көмек қолын созған. Жолсерік қыздың бұл әрекетіне баланың ата-анасы ғана емес күллі қазақстандықтар разы болып, қошемет білдірді.

Алтынай Рамбаеваның айтуынша, ол ешқандай да арнайы медициналық оқу оқымаған. Тек өз саласына өте қажетті болғандықтан, түрлі тренингтерде алғашқы көмек көрсету жолдарын үйренген екен. Өйткені жол үстінде түрлі жағдайлар орын алып, адамдарға шұғыл көмек керек болып қалуы мүмкін.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика