МЬЯНМА ҚЫРҒЫНЫ НЕМЕСЕ 21-ҒАСЫРДАҒЫ ХАЙУАНДЫҚ

14 Ақпан 2017

МЬЯНМА ҚЫРҒЫНЫӘлем мұсылмандардан «зардап шегіп отыр». Заманауи ақпарат құралдарын ашып көрсеңіз, оқитыныңыз осы. Иә, келісуге де болады. Дін атын жамылған содырлардың кесірінен қиыр шығыс қатты бүлінді. Ал босқындардың зардабын еуропа елдері тартып отыр. Бұл мәселеге қатысты әлем елдерінде сантүрлі мәлімдеме жасалды, сын-пікірлер айтылды. Жұрт мұсылмандардың залымдығын майшаммен қарап жатқанда, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қанды қырғын орын алды.

Шығыстағы Мьянма елінің Рохинджа штатында негізінен мұсылман дінді халықтар тұрады. Бір замандарда олардың Аракан деген жеке мемлекеті де болған. Бірақ жаугершілік соғыстар салдарынан өз тәуелсіздіктерінен айырылып, 1700 жылы Мьянманың құрамына қосылады. Бейресми дереккөздерде штатта 1 миллионға жуық мұсылман дінділердің өмір сүретіні айтылады. Әрі рохинджалықтар әлемдегі ең көп қуғын-сүргін көрген халық болып саналады. Сонау ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарынан бастап, жергілікті ұлтшылар мұсылмандардың қанын суша төгіп келеді. Ал билік болса, бұл қырғынға көңіл аударып отырған жоқ. Қайта полиция мен қарулы күштер жасағының өзі бүлікшілерге қосылып, бейбіт халықтың қанын төгуде. Тағы бір айта кетерлігі, рохинджалықтар діни ұстанымдарына байланысты Мьянма елінің азаматтығынан шеттетілген. Бұл мемлекет көп ұлтты елдердің бірі болып саналады. Мұнда 135-ке жуық этнос өкілдері мекен етіп жатыр. Бірақ биліктің кәріне ілінгендері рохинджалықтар ғана.
Штаттағы қанды оқиғалар дәміл-дәміл қайталанып отырады. Осының салдарынан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары 250 мыңға жуық адам Бангладешке көшіп кетті, тағы 100 мыңға тарта тұрғын Таилант аралдарын паналады. Ал 2015 – 2016 жылдардағы қантөгіс барысында 20 мыңға тарта адам өлтіріліп, 100 мыңға жуық тұрғын елден қуылды. Әрі бұл шаралардың басы-қасында будда монахтары жүр. Елестетіп көріңізші, киноларда рахымдылықты, ізгілік пен адамгершілікті насихаттайды деп суреттелетін діндарлардың қолы қанға малынуда. Әрі олар бұл әрекеттерін қылмыс деп емес қасиетті борыш деп түсінеді.
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қанды қырғын мұсылман әлемінің дүрбелеңін туғызды. Иран, Индонезия, Палестина, Пәкістан, Таиланд тәрізді елдер және «Amnesty International», «Human Rights Watch» ұйымдар өз наразылықтарын білдірді. Алайда Мьянма үкіметі оларды қабыл алмай, қайта біздің елдің ішкі ісіне араластыңдар деп айыптап отыр. Ал әлемнің алпауыт елдері болса, бұл мәселеге көзжұма қарауда.
Мьянма қырғыны жалғасуда….


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика