«Музарт» тобы бір шешімге келе алмай жүр

5 мая 2017

Осыдан алты ай бұрын ізбасарларын таңдаған «Музарт» әншілері, әлі күнге дейін төрттікке атау таба алмай жүр. Ұжымдағы орын алған бұл олқылыққа өнерпаздардың бір шешімге келе алмауы себеп болса керек,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
— Бір адам, бір адамның пікірімен келісе бермейді. Мысалы, ат қоюдағы мәселеміз сол шыны керек. Мысалы, маған ұнаған 2 есім бар, ол Кенжебек пен Мейрамбекке ұнамайды. Ал, Мейрамбекке ұнаған есімдер жігіттерге ұнамайды деген сияқты. Сол себепті барлығымыздың ойымыз бір арнаға тоғысса деген ниет қой енді.

Бүгінде бұл ұжым қанатының астына алған төрттікке атау іздеп шарқ ұрып жұр. Алайда, алты айға жуық уақыт өтсе де, өздеріне есім бұйырмаған жігіттердің жүрегінде жалғыз ғана жұбаныш бар.

Нұрхат Сегізбай, әнші:
— Ағаларымыздың айтуы бойынша, «Музарт» тобы құрылған кезде 6 айдай атсыз, есімсіз жүрген екен. Сол себепті, бізде енді болып қалатын шығар жақсы бір есім топқа!

Сондай-ақ, Музарт пен ізбасаларлар арасында келісім шарт туралы тақырып талқыланбаған және жетекшілердің жобаға қояр қатаң талабы да жоқ! Сондықтан, серілер сүйгенін жолықтырса, топ продюсерлері тосқауыл қоймайды.

«Музарт» тобы:
— Кенжебек топқа келе салып үйленді ғой, ештеңе жоқ. Жанкүйерлерін жоғалтып алады деген қорқыныш жоқ. Жоқ, бірақ мен топқа келген кезде 5 жылға дейін үйленбеймін деп алға жоспар қойғанмын. Бірақ, оны ешқашан олай айтуға болмайды екен.

Дәл қазіргі таңда Музарт ізбасарлары алғашқы бейнебаяндарын түсіріп жатыр. Туындының сюжеті төрттіктің құрылу тарихы мен топ жігіттерін таныстыру мақсатында таспалануда.

Мейрамбек Бесбаев, «Музарт» тобының әншісі:
— Сіздерді таң қалдыратындай дүние жоқ! Бұл балалар бізге қалай келді. Жалпы, көрерменнің алдына қалай бұл жігіттерді қостық? бірінші әндерін солай естелік қылып қалдырсақ па деп отырмыз. Болашақтағы клиптері енді әннің тарихына қарай бола жатар.

Бұл төрттік ән әлемінде әр-түрлі бағытта бағын сынап көрмек! Жарты жылда сегіз трек жаздырып үлгерген жігіттер, бірінші бейнебаянға қырғыз композиторы Мейірбек Атабековтің «Жүрегім сені аңсаған» әнін таңдапты.

Дереккөз: «Ревю»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика