Мұнай ұрлаған қарағандылықтар ұсталды

25 Наурыз 2017

«Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС мен «ҚазТрансОйл» АҚ халықаралық компанияларына тиесілі құбырдан мұнай ұрлады деген күдікпен 11 адамның қолына кісен салынды. Олар Қарағанды облысының үстімен өтетін магистарльды құбырдан қара алтын алудың жолын тапқан екен.

Мұнай

Тергеу мәліметінше, күдіктілер құбырды тесіп, оған арнайы  сорғытатын құрал орнатып қойған. Ұрлық мұнайды «қара базарда» арзан бағада өткізіп, оңай олжаға кенеліп жүрген. Олардың қылмысын  құбырларды тексеру барысында  компанияның инспекторлары анықтаған. Рұқсат етілмеген тесіктерді аңғарған қызметкерлер дереу тәртіп сақшыларына хабар берген Жедел іздестіру шаралары барысында 11 күдікті ұсталып, олардың алтауы уақытша ұстау изоляторына жабылған.  2 азам мүлкін кепілдікке қойып бостандыққа шықты, ал  тағы үшеуі ешқайда  шықпау туралы қолхат берді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика