«Оқу жылы жоспарға сай аяқталады. 1 маусым мен 10 маусым аралығында бітіру экзамендері тапсырылады. Ешқандай өзгеріс жоқ», – делінген ҚР БҒМ хабарламасында.

Ал БАҚ өкілдері таратқан ақпарат шындыққа сай келмейді. Яғни 1 шілдеге дейін оқу мерзімі ұзартылмайды.  

«Дұрыс түсініңіздер. Рас балалар 1 шілде күні ғана мектептен толық кетеді. Бірақ бұл оқу жылының ұзаруын білдірмейді. Олардың ҰБТ тапсыруына мектеп жауапты болғандықтан, осындай шешім қабылданып отыр»,  – деді ҚР БҒМ баспасөз-қызметі.

«Қасым-ақпарат»