Министр үй салуға он сотық жер қалай берілетінін айтты

5 мая 2017

Жыл сайын республика бойынша 40 мың адамға үй салуға он сотық жер берілетін болады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Мәселен, Алматы облысында салынатын баспананың сексен пайызы жеке меншік тұрғын үйлер болады. Тізімде он сотық жерге тұрғандар өте көп. Сондықтан біз әкімшіліктермен мынадай келісімге келдік: инфрақұрылым салған соң ғана он сотық жер беріледі. Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа бір жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді», — деді Қасымбек үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, республика бойынша жылына 40 мың адам жер алатын болады.

sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика