Министр фонограммаға тыйым салудың жолын ұсынды

31 марта 2017

Арыстанбек«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов әншілерге фонограмма қолдануға тыйым салу туралы бастама көтерген болатын. Оны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қолдап, фонограмманы жоюдың жолын ұсынған.

«Барша әлемде «неге фонограммамен ән айтады» деген мәселе талқылануда. Дүниежүзінде нақты қалыптасқан жүйе бар, әсіресе Еуропа елдерінде, АҚШ-та, қазіргі уақытта Өзбекстан мен Түркіменстанда да бұл жүйе ескерілген. Яғни әрбір концерт ұйымдастырушыға министрлік лицензия беруі керек. Өкінішке қарай, біздің заңнамада бұл қадамдар жоқ. 2006 жылы жалпылама заңды қабылдадық, бірақ нақты әр бағытта кейбір кемшіліктер бар. Қазіргі уақытта концерт ұйымдастырушылар лицензияға көшпейінше, бұл мәселе шешілмейтіні анық»,-дейді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, әншілерге арнайы ленция берілген соң фонограммамен күресу әлде-қайда жеңілдей түседі. Егер олар өз концерттерінде фонограмма қосса, онда министрлік әншінің лицензиясын кері қайтарып алады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика