Министр: Димаштың концертінде төбелес шығарғандар жұмыстан қуылды

26 апреля 2017

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақстан» концерт залында журналистер мен күзетшілердің жанжалдасып қалуына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, төбелес шығарғандарға қарсы қатаң шаралар қабылданған, — деп хабарлайды Qasym.kz

Арыстанбек

«Кешегі болған оқиға туралы айтсам. Өте өкінішті. Басқа адамдардың қозғалысына шектеу қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Оның ішінде өз басым құрметпен қарайтын журналистерді де айтуға болады. Мен таңертең «Қазақстан» ОКЗ болған жанжалға қатысты қатаң шаралар қолдануды тапсырдым. Мекеме басшылығы оларды жұмыстан шығарып жіберді. Біз  ЭКСПО-2017 тәрізді үлкен көрмеге дайындық жасау барысында, бұ себеп жұмыстан шығаруға жеткілікті деп білеміз. Алдағы таңда мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қатаң шаралар қабылдайдын боламыз. Ал Димаштың келешек концерттерін өткізу үшін неғұрлым үлкен ғимараттарды таңдауға тырысамыз.

Ал енді «менің» «Информбюро» агенттігіне берген сұхбатыма келсек. Бұл мәселені тағы да түсіндіре кеткім келеді. Маған «Информбюродан» немесе басқа БАҚ атынан еш журналист хабарласып, болған жайға қатысты пікір сұраған жоқ. Димаштың концертінен кейін мен Келісім сарайында алдағы уақытта өтетін концерттік дайындығына кетіп қалдым. Сол жақта түн жарымына дейін болдым. «Информбюро» агенттігінің басшылығы мұндай кемшіліктер үшін кешірім сұрап, сұхбатқа терістеме жасады», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика