Михаил Горбачев мәлімдеме жасады

16 апреля 2017

КСРО-ның алғашқы әрі соңғы президенті  Михаил Горбачев немістің Bild басымылына берген сұхбатында қырғи-қабақ соғыстық белгілері байқалып жатқанын және оның қазірден басталып кеткенін мәлімеді. Бүгінде 86 жасқа келген сарапшының айтуынша, әлемдегі ірі державалардың қарым-қатынасы күн өткен сайын қиындап барады, деп хабарлайды Qasym.kz.

«Бұл әлемнің соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді. Қазір қырғи-қабақ соғыстық барлық белгілері көрініс табуда», — деді Михаил Горбачев.

Оның айтуынша, соғыстың басталуына БАҚ өкілдерінің де септігі тиіп отыр. Яғни саясаткерлердің, әскер басыларының арандатушылық ұран сөздері халыққа кеңінен таратып, отқа май құйып отыр. Әрі қазір әлемнің көптеген елдерінде жаппай қарулану байқалады. Осыған дейін НАТО мен Ресей әскерлері бір-бірінен тым алшақта орналасқан болатын. Қазір ол екеуінің оқтұмсықтары бір-біріне бағытталған. Әрі шекараға таяу өңірлерде ауыр әскери техникаларды шоғырландыру етек алып барады. 

Айта кетейік, осыған дейін РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ арасындағы байланыс туралы пікір білдіріп, екі елдің бүгінгі ахуалы қырғи-қабақ соғыс кезіндегінден де күрделі екендігін айтқан болатын.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика