Мерген ТОҚСАНБАЙ. БІЗ ІРО ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

27 января 2019

IPO (Initial Public Offering) IPO (Initial Public Offering) – ағылшын тіліндегі сөз тіркесінен шыққан, қаржы саласында қолданылатын термин. Яғни бұл компаниялардың өз акцияларын «бірінші» болып биржаға шығаруын, яғни оларды инвесторлардың қалың ортасына бірінші рет ұсынып отырғанын көрсетеді.
Бұдан кейінгі жылдары бұл бағ­дар­лама Польша, АҚШ, Батыстың өзге де дамыған елдерінде өз нәтижесін берген. Сол себепті, бүгінде нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекетке тиесілі акциялар пакетінің бір бөлігін орналастыру қор нарығын дамытудың негізгі факторы ретінде саналады.
«Халықтық IPO» – инвестициялау мен жинақ ақшаларын көбейтудің жаңа құралы. Онда Қазақстан халқы, яғни еліміздің кез келген тұрғыны өзінің жинаған қаржысын ірі компаниялардың акцияларына инвестиция ретінде орналастыра алады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесі үшін әзірленді. Қазақстандықтар отан­дық жетекші компаниялардың акцияларын сатып ала отырып, олардың тең иелеріне айналады және ұзақмерзімді басымдықта пайдадан кіріс ала алады. Сондай-ақ бұл бағдарламаға шетел инвесторлары қатыстырылмайды.
«Халықтық IPO» бағдарламасы «Са­мұ­рық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құ­ра­мына кіретін бірнеше ұлттық ком­па­ния­лардың акцияларын отандық қор бир­жасы арқылы бұқараға сату жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Бұдан, біріншіден, компанияның әлеуеті артса, екіншіден, оның бағалы қағаздарына ие болған әр адам үшін жаңа табыс көзі.
Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» АҚ-ы тобына шамамен 400 еншілес және тәуелді ұйымдар кіреді және олар­дың қызметі Қазақстан экономикасы­ның қомақты бөлігін құрайды. Бұл ұйымдар экономиканың әр тарабында, еліміздің экономикалық дамуының стратегиялық маңызы бар секторларында қызметтерін жүзеге асыруда.
2012 жылы Қазақстанда Халықтық ІРО-ның бірінші кезеңі өтті. Оған 33 мың қазақстандық азамат «ҚазТранс­Ойл» ұлттық мұнайтасымал­даушы ком­па­ниясының акцияларын сатып алды. Содан бері компания акциялары 725 теңгеден 1109 теңгеге дейін өсті. Оның үстіне, компания әр акциясы үшін орта есеппен 8-10 пайыз дивиденттер төлей­ді. Бұл қаржы инфляциясы болған жағ­дайда құнсызданудан сақтайды. Ал осы жылдың қарашасында «KEQOC» ұлт­тық электр-жүйе компаниясының Ха­лық­тың ІРО-сы басталады. Және 2015-16 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Самұрық-Энерго» жә­не «Қазатомөнер­кә­сібі» компаниялары нарыққа шығады.

IPO не үшін өткізіледі?

ІРО өткізу мақсаттары әрбір нақты жағдайға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте ІРО мақсаты компанияға капитал тарту болып табылады, өйткені акцияларды жария орналастыру компа­нияға инвесторларды көптеп тартуға мүмкіндік береді. Келесі мақсат компа­ния­ның құнын бағалау болуы мүмкін, өйткені оның акцияларының капитал рыногындағы бағасы құнның ең объек­тивті және нақты бағасын көрсетеді.
Халықтық ІРО мемлекет халықты мемлекеттік компанияларды басқаруға тартқысы келген жағдайда өткізіледі. Мұндай бағдарламаларды Ұлыбри­тания (1980 жылдар), Бразилия мен Польша (1990 жылдар) іске асырды. Бұл ретте, әдетте, акцияларға қолже­тімділік бі­рінші кезекте ин­ститут­тық және ше­тел­дік инвестор­ларға емес, елдің азаматтарына бері­леді.

Акциялар не үшін сатып алынады?

Өз қаражатын компаниялардың ба­ғалы қағаздарына сала отырып, инвес­торлар экономикалық өсімді қамтама­сыз етіп, олардың дамуына жәр­демдесе­ді. Бұл ретте акционерлер ком­панияны басқаруға қатысады және акциялардың құны өскен жағдайда ол­арды иеленуден пайда табады, сондай-ақ пайдаға қаты­сады (дивидендтер тү­рін­де).
Тіркелген пайыздық ставкаларды ұсынатын банк депозиттерімен салыс­тыр­ғанда, акциялар бағаларының өз­геруі сыйақылармен де, тәуекелдермен де үйлесуі мүмкін және шығынсыздық кепілдемелері болмайды.
Акцияларды сатып алу жылдам пай­даға немесе жалпы пайдаға кепілдік бер­мейді. Кез келген қаржы нарығы, оның ішінде қор нарығы құбылмалы (бағалар­дың құбылуы) жағдайда болады. Бұл қандай да бір компанияның акцияларын сатып ала отырып, инвестордың барлық тәуекелдерді де сатып алатынды­ғын білдіреді. Өйткені, акциялардың құ­ны көтерілуі де, сондай-ақ көптеген жағ­дайларға байланысты төмендеуі де мүмкін. Олардың қатарында компания­ны тиімсіз басқару, елдегі ахуалдың өзгеруі болуы мүмкін, мұнда эмитент қызметті, дүлей апаттарды, эмитент-ком­пания жүргізетін тауарларға арнал­ған бағалардың құлауы және т.с.с. жү­зеге асырады – яғни кез келген ал­дын ­ала болжануы қиын, алайда нарық­қа белгілі бір әсері бар құбы­лыс­тар.
Сонымен бір мезгілде, компания­ның табысты дамытқан, инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асырған кезде қолайлы рыноктық жағдайда акцияларды игеруден түскен кіріс депо­зит­тік банктік салымға қарағанда, тым жоғары болуы мүмкін.

Мерген Тоқсанбай,

«Жас қазақ» газетінен


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика