«Мен – жындымын» деп жар салды

8 апреля 2017

«Мен – жындымын». Белгілі жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың Алматыда кітабы дәл осылай аталады. Алматыда жаңа кітаптың тұсаукесері өтті,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

-Әрбір қоғамда сол қоғамнан оқшау ойлайтын, басқаша көзқарастағы адамдар, шындықты айтатын адамдардың бәрі ақымақ болып есептеледі. Ол шын мәнінде жынды емес, шын мәнінде өте талантты, өте интеллектуал адам,-деді кітап авторы.

Кітапта бүгінгі қоғамның шынайы көрінісі сөз етілген. Автор күнделікті болып жатқан жағдайларды траги-комедиялық сарында жеткізеді. Айта кетсек, бұл туындының жарық көруіне дәстүрлі «Алтын қалам» әдеби жүлдесі түрткі болған. Тұрысбек Сәукетаев өткен жылы дәл осы «Мен –жындымын» романымен байқаудың жеңімпазы атанған болатын. Ал бұл кітап сол кезде ұтып алған 1 миллион теңгеге басылып шыққан. Мың данамен таралған туындыны енді кітап дүкендерінен сатып алуға болады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика