«Мен ғана» дейтіндерге…

7 Қазан 2017

Бір адам жүйкесі ауыратынын айтып дәрігерге қаралады. Дәрігерге кіре салып, жасалыну керек көптеген жұмыстың күтіп тұрғанына, ауруы кесірінен жұмыстары орындалмай тұрып қалғанына шағымданды.

Дәрігер «Сізден басқа жұмыстарды жасай алатын адам жоқ па? Біреуді көмекке неге шақырмайсыз?» – деп сұраса, науқас: «Ол жұмысты тек мен ғана жасай аламын. Барлығы да маған қарап қалған!» – дейді. Сонда дәрігер: «Ауруыңызға шипа болатын нәрселерді жаздым. Оларды мүлтіксіз орындауыңыз керек», – деп науқастың қолына бір қағаз ұстатады. Науқас кісі қағазды оқып аң-таң болады. Қағазда «Күніге жұмысыңызды тастап екі сағаттық  серуенге шығуыңыз және әр аптаның жарты күнін бейіт басында өткізуіңіз керек» делінген.

 «Серуенге шығу маңыздылығы түсінікті ғой, бірақ мына бейіт мәселесін түсінбедім» – дейді науқас. 

Дәрігер: «Зиратқа барып мазар тастарына назар аударуыңызды өтінемін. Зират өздеріңіз ешбір жұмыс бітпейді деп ойлаған адамдарға толы. Сіз де бір күні басқалар сияқты өліп, «өзімнен басқа ешкім жасай алмас» деген жұмыстардың бәрі басқалар тарапынан жасалғанын көресіз!» – депті.

 mazhab.kz 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика