Қарағанды мектебіндегі «жарылғыш затқа» қатысты жаңа дерек шықты

24 апреля 2017

Осыдан бірнеше күн бұрын Қарағанды қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы елді дүрліктірген ақпарат тараған болатын. Артынша құзырлы органдар тексеру жүргізіп, жалған ақпарат таратқан адамды құрықтады. Әйтсе де ол заң алдында жауап бермейді.  Өйткені бұл құзырлы органдардың лаңкестік әрекеттің алдын алуға қатысты пысықтамақ болған арнайы шаралардың бірі. Тек өз іштерінде тарауы тиіс болған ақпарат диспечердің қателігінен сыртқа шығып кеткен.

«КТК» арнасының мәліметінше, мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат беру жедел-жәрдем бригадасының дәрігеріне табысталады. Алайда ол телефон нөмерінің бір санынына қателесіп, қала тұрғынына қоңырау шалып, өзіне тапсырылған ақпаратты жеткізген. Ал тұрғын суық хабарды бірден полицияға жеткізіпті. Осының кесірінен  сабақта отырған 900 тарта оқушы сүріне-жығыла далаға қашқан. Айтылған мекен-жайға келген арнайы жасақ, жарылғыш жабыла іздегенімен, тапқан жоқ. Сөйтсе, жаттығу кезіндегі құпия ақпаратты тарату жүктелген жедел жәрдем диспетчері, телефон нөмірінің бір санынан шатасып кеткен көрінеді. Cондықтан бомба туралы полицияға хабарлаған адам жауапқа тартылмайды. Телефон нөмірінен шатасқан жедел жәрдем диспетчеріне де кешірім жасалыпты.

-Ол енді бірнеше обьектіге хабарласып отырғаннан кейін мүмкін үлгермеген шығар. Полиция қызметкерлері азаматшадан жауап алды. Ол қателесіп кеткенін айтады. Адами фактор ғой. Сондықтан қылмыстық іс қысқартылды. Кеткен кемшіліктер бойынша төтенше жағдайда жұмылдырылатын барлық қызметтерге жеткізілді, — деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика