Мейрамбек Беспаев телеарна эфиріндегі жалаңаш қыздардың көбейгеніне күйінді

23 марта 2018

МузАрт тобының солисті Мейрамбек Беспаев музыкалық арналарды басқаратын болса, ең бірінші жалаңаштарды құртатынын айтты. Сонымен қатар, сахнада өнер көрсетіп болғаннан соң, топтың жанкүйерлері қандай сыйлық беретінін де жасырған жоқ. Бұл туралы Мейрамбек Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлады 365info.kz.

Жастық шақта берілген концерттен соң, қыздардан түрлі хаттар алып, мәз болған жігіттер

қазір жанкүйерлерінен жеміс-жидек пен шоколадтар алады екен.

«Қазір, расымен де, бізге шоколад пен жеміс-жидек береді екен. Өткендегі концерттен кейін Досымжан Таңатаров Қалқаман Саринге кішігірім жақсы ой айтып қалды.

“Музарттың тыңдармандары топпен бірге өсіп келе жатыр екен. Көрерменнің есейгенін байқадым” деді. Бойдақ кезде гүлмен бірге “Мен сені сүйемін” деген хат келсе, соған рахаттанып қалатынсың. Ал қазір біздің Сәкен қойдың басын ұстап, бата беріп жүр. Негізі жастықпен таласуға болмайды. Кешегі біздің әндерімізді тыңдаған қарияларымыз үлкен ақсақал болып отыр. Сәкен “Құдай оның бетін ары қылсын! Бірақ, соңында тыңдармандарымыз дәрі әкеліп тұрмаса болғаны”, деп күлдіріп еді. Қартайып жатсақ, оған да жетіп қалармыз», — деп қалжыңдайды әнші.

Ал, болашақта әншіге қатардағы музыкалық арналардың бірінде басшылық етуге мүмкіншілік беретін болса, ең бірінші, «жалаңаштарды құртамын», деген кесім айтты.

» Мен сияқты адамдарға тізгінді бермейді. Ертең мені “Өзі музыкашы бола тұра өнерді түсінбейді. Ұлтшыл! деп айыптаулары мүмкін. Мен рокты да, шетелдің музыкаларын да тыңдай аламын. Бірақ, мынандай масқараларды тыңдай алмаймын. Маған, расымен, музыкалық бағдарламаларды басқартқызбайды.

Басқарған жағдайда, бірінші, жалаңаштарды құртамын.

Әдепсіз, тәртіпсіздерден бастаймын»,- дейді Мейрамбек Беспаев

Онымен қоса, әнші Гәкку арнасына ренішін айтты.

«Мен «Гәкку» арнасының бір концертіне шыққаныма өкінемін.

Би қойып жатырмыз деп айтып, артымызға жалаңаш қыздарды билетіп қойды.

Ол былайша айтқанда, бізді аяқтан шалу, қастандық. Міне, сіздер сүйген «МузАрт»-та өстіп жүр деген сөз. Ол концертте МС Сайлаубек те шықты. Не тілін түсінбейсің, өзінің не айтып тұрғанын өзі түсінбейді. Мен оның дәрежесіне түстім деп күйген жоқпын,

біздің дәрежемізді ана дәрежеге бүкіл әншілерді түсірді деп күйдім.

Сонда істеп жатқан шарамызда, шапанын теріс киіп алған алаяқтар бар. Жаны ашығансып, ішімізге кіріп, біздің өнеріміздің барлығын араластырып, сорпа қылып, дәмсіз бірдеңе қылып жатыр»,-дейді әнші.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика