МӘССАҒАН! Жан Реноның арғы атасы қазақ екен

1 апреля 2017

Әйгілі француз актері Жан Реноның арғы атасы қазақ болып шықты. Жай қазақ емес, заманында Орынборды билеген атақты болыстың ұрпағы екен.

болыс

Дереккөздің хабарлауынша, оның атасы ақ патшаның тұсында ел билеп, болыстық қызмет атқарған. Кейін қызылдар үкіметі орнаған тұста қуғын-сүргінге ұшырап, шекара асып кеткен екен.


Жан Рено дүниеге келгенде заманның қиындығын көріп, қалыпты тіршілікке көшкен отбасы мүшелері енді қайғы болмасын, бәрі қуанышпен аяқталсын деген ырыммен оған Қуан деген есім береді. Алайда еуропада туылғандықтан құжат бойынша Хуан болып жазылып кетіпті. Кейін Францияға қоныс аударған актер есімін Жан Рено деп өзгертеді.

P/S: Әрине, бұл әзіл күніне арнап жазылған әзіл ғана. Бірақ астарында шындық та бар болар. Отаршылдар кесірінен қазақтың миллиондаған азаматы шетел асқанын, олардың ішінде қаншама текі жандардың кеткенін естен шығармау керек.

Сұлтан Жомартұлы
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика