МАСҚАРА! Ашынған ана министрдің көзінше жылап, бар былықты жайып салды

25 Наурыз 2017

Жиын өтіп жатқан емхананың пациенті тура Денсаулық сақтау министрінің көзінше шу шығарды. 70 жастағы зейнеткерді дәрігерлер қабылдамай әбден сандалтқан екен. Ашынған кейуана емхананы аралап жүрген Елжан Біртановқа шағымданып, астаналық ақ халаттылардың бар былығын жайып салды,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Өмірзақ Тайжанова, Астана қаласының тұрғыны: – Медбике дұрыс жұмыс істемейді.Хирургқа кіру үшін министрліке қоңырау шалдым.Сосын олар мені хирургке жазды. Бұл не масқара? Оңбағандар!

Яғни Өмірзақ әжей қалалық Денсаулық сақтау басқармасына шағымданып жүріп, хирургтың қабылдауына әрең жазылыпты.Жүріп-тұруы қиын зейнеткер тегін берілетін дәрісін де ала алмай жүр екен. Министрдің көзінше бар кемшілікті жайып салған әжейді емханадағы ақ халаттылар кабинетке дереу ертіп әкетіп, ашуын әрең басты. Ал тексеруге келген министрдің алдында тек жетістіктерін тізіп жүрген емхананың бас дәрігері сөзден тосылып қалғанымен, қобалжуын білдірмеуге тырысты.

Алтыншаш Табылдина, №5 емхананың бас дәрігері: – Науқастың айтып тұрғаны рас. Хирургқа учаскелік дәрігер кезекке қояды. Бұл көп адамның көңілінен шықпайды. Қазір емханада телефонға 4 оператор жауап беріп отыр. Егер олар жауап бермесе, күту керек.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика