Мас жүргізуші 10 жастағы қызды қағып өлтірді

31 августа 2017

Шымкентте араққа сылқия тойып алған жүргізуші 10 жастағы қызды қағып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қыз алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған.

Оқиға 30 тамызда Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы көшелердің бірінде болған. 

«Полицейлер 1966 жылғы шымкенттіктің «Ваз-21102″ көлігін жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалғанын және бесінші сынып оқитын 2007 жылғы қызды қағып кеткенін анықтады. Жол апаты салдарынан 10 жастағы қыз облыстық ауруханаға жеткізілгенде жан тапсырды», — делінген хабарламада. 

Медициналық куәландырудан «ВАЗ» жүргізушісінің орта деңгейде алкогольден мас болғаны анықталған. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз:  kaz.tengrinews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика