Мас күйінде көлікке отырған мұғалім адам өліміне себеп болған

26 февраля 2018

Екібастұз қаласында адам өліміне соқтырған ЖКО айыпты деп танылған келіншектің соты басталды. Жергілікті мектептердің бірінде ұстаз болып қызмет атқарып келген әйел көлік жүргізу құқығынан айырылғанын және алькаголді ішімдік ішкеніне қарамастан тізгінге отырып, соңы адам өліміне ұласқан.

Сот барысында, мас күйінде көлікке отырған мұғалім тізгінді басқара алмай жолдан шығып кеткендігі анықталды. Жол апаты кезінде оның жанында отырған құрбысы ауыр жарақат алып, кейін ауруханада жатып көзжұмған.  Сотталушы өз кінәсін мойындап, өткен іске өкініш білдірді. Ал марқұмның туыстары соттан айыпталушыны кешіріп, жеңіл жаза беруін сұрады.  

 Сот істі қарау барысында айыпталушыны шартты мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика