Марк Дакаскос: Енді жоңғар емес, қазақ болғым келеді

14 Ақпан 2018

“Қазақстанға алғаш келгенде жоңғар болдым. Енді қазақ болғым келеді! Мен бұл жердің табиғатына тамсанамын. Таудан бастау алар өзендегі таза суды тұтыну – құдірет. Бұл елдің асханасы да ерекше. Қанша тамақ ішсең де, салмақ қоспай, қаз-қалпында жүре бересің”, – дейді әйгілі актер Марк Дакаскос.

М.Дакаскоспен бірге келген Голливудтық жұлдыздар Майкл Сорен Мэдсен, Кэри-Хироюки Тагава және Бай Линнің мақсаты – әлемдік телеарналарға арналған Шығыс Қазақстан туралы арнайы жоба түсіріліміне қатысу. ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, актерлердің ШҚО сапары барысында Өскемендегі бірқатар нысандарды аралау жоспарланған. Атап айтқанда, тарихи-өлкетану мүзейлерін, спорт кешендерін, драма театр мен «Нұрлы жол» саябағын және «Нұртау» демалыс базасын аралайды.

shynyrau.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика