Марат Ахметжанов: «Азаптау аса ауыр қылмыс»

27 Ақпан 2017

Түрме – қате басқан тағдыр иелерін оқшаулайтын орын. Оның атының өзінен ат үркеді. Әйтсе де түрмедегілер де тірі адамдар. Олардың құқын аяққа басып, ар-намысын қорлауға болмайды. Түрмедегілерді құл есебінде көретін кеңестік жүйе келмеске кетті. Десек те оның сарқыншағы сақталып отыр. Соңғы жылдары елімізде 140 лауазым иесі сотталған. Оларға тағылған басты айып – сотталушыларды азаптауы. 

Түрме

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Астана» арнасына арнайы сұхбат берген екен. Оның айтуынша, жақын арада түрмедегілерді азапқа салатын жүйе толық өзгереді. Қазір оның алғышарттары басталып та кеткен.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

«Миранда ережесі» деген бар, не үшін ұсталды, өзіне қарсы сөз айтпауға қақысы бар, соны айтып, сонымен бірге қорғаушысын шақыруға және телефон соғып, туыстарына айтуға рұқсат берілуі керек.
Азаптау деген куәгерлерге де жасалуы мүмкін.
– Сен көрдің бе?- деп, оларға да қолданылуы мүмкін. Процеске қатысатын барлық адамға «Миранда ережесі» туралы айтылуы керек.
Қылмыстық қудалау органдарының принципін өзгертпекпіз. Заңдарында жазылған – қылмысты ашу деп. Ашу болғасын, жедел қызметкерлерден қылмыс ашылды ма, ашылмады ма деп, есеп сұрайды. Сондықтан ашу емес, оқиғаны тергеп-тексеру деп өзгерту керек. Сонда ол бір септігін тигізеді.
Түзеу мекемесінде неге болады? Себебі? Түрмеде отырғандар әкімшіліктің заңсыз талаптарын орындамағаны үшін азапталады. Ол болмау үшін барлық жерде бейнекамералар орналастыру керек. Әрбір қызметкер видеорегистратор тағуы керек. Ол өзін ақтауы үшін де керек. Түрмеде отырғандарды періште дей алмаймыз ғой. Жала жабуы мүмкін. Сол кезде – қызмет барысында өзіне қорғаныш, екіншіден, тәртіп сақтауға, адамдардың құқығын бұзбауға алып келеді деп сенеміз.
Эксперимент ретінде біз Астана қ., Алматы ауданы ішкі істер бөлімінде бейнебақылау, сосын жауап алатын бөлмелер ашық, мқлдір, шынылы еттік. Көріп отырады. Адамды – күдікті болсын, куәгер болсын, тергеу амалдарын жасаған кезде, бөлмеде бейнебақылауды қосады. Не үшін шақырылғанын, сосын жауаптар – бәрі ашық, айқын. Олай болған кезде прокурор, өз басшылары қарап отырғанын біледі, өздерінің профессионалдық деңгейін көтеруге көмектеседі. Жабық болса, ойына келгенін істейді. Ал ашық жерде өзін тәрбиелеуге, деңгейін көтеруге алып келеді. Маман екеніңді көрсететін жер.
Азаптау аса ауыр қылмыс. Бұны тек ғана арнайы прокурорлар тергеуі керек. Туысқаны ұсталғанның, ұрып соғуға мүмкіндік бар,- дегенде прокурор, арнайы топ – сол жерге барып, шұғыл түрде қарауы керек.
Заңды ғана өзгертпей, психологияны өзгерту керек. Азаптап жатқандар білуі керек – жай жабылып қалмайды, сұрауы болады деп. Азаптап, аса ауыр қылмыс жасаса, сотталушының орнына барып отыратынын білуі керек… Жақсы қорытынды шыққан кезде тағы бір кездесіп, ұялмай, ал кемшілік болса, кешіріп сұрап, баяндайын. Бірақ сенемін, нәтиже болатынына.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика