Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды

3 апреля 2017

3 сәуір күні Бейнеу-Атырау тас жолының бойында ірі жол апаты орын алды. Toyota Camry автокөлігі мен «КамАЗ» жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бес адам көз жұмды. 11 және 12 жастағы екі бала ауыр хәлде Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі Маңғыстаудан.

Авария

Көрнекі сурет

Маңғыстау облыстық санавиация қызметінің хабарлауынша, Toyota Camry автокөлігінде үш ер адам мен бір әйел және үш бала болған. Жол көлік оқиғасы салдарынан бес адам оқиға орнында көзжұмды. Олардың бірі үш жастағы сәби.

«Аман қалған балалардың ата-анасы Атырау қаласында тұрған. 1982 және 1987 жылы дүниеге келген екі ер адам оқиға орнында көзжұмды. Олар Бейнеу және Ақтөбе қалаларының тұрғындары. Ер азаматтар кеден қызметінде бірге жұмыс істеген», — деп хабарлайды санавиация қызметі.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика