Манчестердегі теракт жасалған концертте қазақстандық студенттер болған (видео)

23 мая 2017

Кеше Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы стадионда өткен концерт барысында жойқын жарылыс болды. ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, жарылыс салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ, — деп хабарлайды Qasym.kz.

Қазір Лондондағы Қазақстан Елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қазақстан азаматтарына барынша сақ болу туралы ескерту жасалды. Жарылыс болған концертті көруге қазақстандық алты студенттің қатысқаны да белгілі болды. Елшілік қызметкерлері олардың екеуімен хабарласқан. Студенттер өздеріне ешқандай көмектің қажет еместігін және басқа балалармен бірге аман-есен үйлеріне барғанын жеткізіпті. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика