Мақпал Жүнісованың әні жұртты таңғалдырды (видео)

27 июня 2017

ЭКСПО көрмесі кезінде әртістердің түгелі дерлік жатпай-тұрмай еңбектеніп жатыр. Жаңа әндер жаздырып, көрме аясында өтіп жатқан түрлі іс-шараларға қатысып, жеке концерт беруге дайындалып жатқандары тағы бар. Халық әртісі Мақпал Жүнісова да ЭКСПО кезінде әріптестері Тоқтар мен Бейбітбен бірге Астанада концерт беретінін айтқан еді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазір ол концертіне қызу дайындалып жатыр. Бірнеше сағат бұрын халықтың ерке қызы тыңдармандарға Астанаға арнаған әнін тарту етті.

“Есілдің жағасында” деп аталатын ән танымал композитор Арман Дүйсеновке тиесілі. Ал мәтінді белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған.

Желідегілерге Жүнісованың су жаңа әні ұнап қалды. Көпшілік әншінің талантына тағы да бір рет таңдай қақты.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика